АО “НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ “ӨРЛЕУ”
Үндеу
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан педагогтерін кәсіби дамыту, ересектерді оқыту, қолданбалы зерттеулер және жетекші білім беру тәжірибелерін тарату бойынша көшбасшы хаб болып табылады, бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады.
Осы бағыт шеңберінде Қоғам жұмыскерлер арасында заңға қарсы
іс-қимылдардың алдын алуға бағытталған құралдарды қалыптастырады. Қоғамда Іскерлік әдеп кодексі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты бекітіліп, әдеп жөніндегі уәкіл – комплаенс-офицердің жұмысы жолға қойылды, сыбайлас жемқорлық фактілері және басқа да бұзушылықтар туралы кез келген ақпаратты анонимді хабарлауға мүмкіндік беретін Жедел желі жұмыс істейді. Қоғамның имиджі мен іскерлік беделі оның әр жұмыскеріне байланысты. Жоғары әдеп стандарттарын көрсету және контрагенттермен, мемлекеттік органдармен және Қоғам ішінде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту біздің міндетіміз болып табылады.
Сіздерден әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты кез келген сұрақтарға қатысты Қоғамның әдеп жөніндегі уәкілі – комплаенс-офицеріне жүгінуге шақырамын, ол барлық бағыттар бойынша қажетті түсініктемелер беретін болады.
Еламан Айболдинов,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы