«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалында 2025 жылға арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Курс барысында педагогтер оқу үдерісіне қажетті дағдыларды меңгеріп, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану арқылы оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік алады. Курс бағдарламасы аясында педагогтерге цифрлық құралдар мен ресурстарды тиімді қолдану әдістері ұсынылып, оқытудың сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.
Зерттеушілік қабілеттерді дамыту мақсатында педагогтерге өз тәжірибелерін ғылыми тұрғыда талдау, зерттеу жүргізу және жетілдіру дағдылары үйретіледі. Курс аясында мұғалімдер кәсіби қоғамдастықта бірігіп, өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың оқыту әдістемелерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді. Цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, бағалау жүйесін меңгеру және зерттеушілік қабілеттерді дамыту арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосады.



