2025 жылдың 25 сәуір күні Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Білім берудегі жасанды интеллект» инновациялық форумы өтті.
Форумның басты мақсаты – білім беру жүйесінде жасанды интеллект (AI) технологияларын тиімді қолдану жолдарын зерделеу, инновациялық стартаптарды қолдау және жасанды интеллекттің болашақтағы рөлін талқылау.
Форумға білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жетекші мамандар қатысты.
Форумның ашылу салтанатында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты директорының орынбасары Қойлық Нұрғали Отарбайұлы сөз сөйлеп, жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі маңызы мен болашағына тоқталды.
Форум барысында төрт негізгі бағыт бойынша секциялық жұмыстар ұйымдастырылды:
🔹 Білім берудегі AI-стартаптар мен жобалар – жасанды интеллект пен машиналық оқытудың білім беру жүйесіне әсері талқыланып, инновациялық жобалар таныстырылды.
🔹 Адаптивті оқыту платформалары – жасанды интеллектті қолдану арқылы жеке оқу траекториясын қалыптастыру және оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
🔹 Автоматтандырылған бағалау және кері байланыс жүйелері – білім алушылардың жетістіктерін объективті бағалау мен жеке кері байланыс беру механизмдері талқыланды.
🔹 Жасанды интеллект негізіндегі білім алушыны психологиялық қолдау – жасанды интеллект көмегімен оқушылардың психоэмоционалды жағдайын бақылау және қолдау әдістері ұсынылды.
Форум аясында тәжірибелі педагогтер, IT-мамандар және жасанды интеллект саласының сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлердің қатарында:
✅ Багибаева Баглан Меделхановна (№58 ЖББМ) – «Жасанды интеллект және машиналық оқыту»
✅ Жумабекова Айдана Мақсутханқызы (№174 мектеп-гимназия), Медетова Жадыра Мараловна (№96 ЖББМ) – «Білім берудегі жасанды интеллектіні оқу процесінде қолдану»
✅ Қамысбай Алтынай Шырақбайқызы («Родниковка» ЖББМ) – «Ашық сабақта жасанды интеллект элементтерін қолдану: Phet, Corinth және GPT Online құралдары»
✅ Кесікбаева Айкерім Бекмырзаевна («Жаңа Ғасыр» №175 гимназия) – «Жасанды интеллектіні (Shyraq AI) қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану»
✅ Саденова Сымбат (№177 мектеп-гимназия) – «Жасанды интеллект – педагогтің сенімді көмекшісі (HEDRA AI, Meshy AI)»
Спикерлер жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану әдістері, Python бағдарламалау тілін оқытуда AI-дың рөлі, SMART технологияларды енгізу, сондай-ақ Emotion AI арқылы оқушылардың эмоцияларын тану мен психологиялық қолдау көрсету тақырыптарында баяндамалар жасады.
Форум барысында білім беру саласының өкілдері AI технологияларын қолдану арқылы оқу процесін жетілдіру, бағалау жүйесін автоматтандыру және оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген оқыту әдістерін енгізу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Форум нәтижесінде:
✔ Жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктері зерттелді;
✔ Озық тәжірибелер мен инновациялық шешімдер ұсынылды;
✔ Білім беру саласындағы мамандар арасында кәсіби байланыс орнатылды.
Форум білім беру саласындағы цифрлық трансформацияны қолдау мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша маңызды алаңға айналды. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану арқылы білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін тың идеялар мен технологиялық шешімдермен танысты.
















