Алмағамбетова Лейла Серікқызын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Алмағамбетова Лейла Серікқызын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

Лейла Серікқызы, 1984 ж.т М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша.

2010 жылы Оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі – 13.00.02 мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. (Абай атындағы ҚазҰПУ).

Соңғы 5 жылда оның 100-ден астам жарияланымы бар, соның ішінде КОКСНВО ұсынған, РИНЦ деректер базасында индекстелген журналдар, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтары. Бірқатар оқу-әдістемелік құралдар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулардың авторы.

2022 жылы «Bolashaq» халықаралық бағдарламасы аясында Тарту университетінде «21st Century Skills in Teacher Professional Development» тақырыбында тағылымдамадан өтті.

Ләйлә Серікқызына жұмысына табыс, креативті идеялар, алға қойған мақсатқа жетуде жеңілдік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар