Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың
28 шілдесі мен 15 тамызы аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Талдаудың мақсаты – ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау, сондай-ақ оларды азайту мен алдын алу шараларын ұсыну.
Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицеріне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: Телефон: +7(717) 255-25-73. Электрондық пошта:
compliance@orleu-edu.kz
2025 жылдың 14 шілдесі