АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

Ұстаздар күні қарсаңында Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалы дәстүрге сай ардагер ұстаздарға тағзым етіп, жылы шырайлы кездесу ұйымдастырды.

Жылы әрі достық жағдайда өткен басқосуда ұстаздардың қоғамдағы орны мен ерен еңбегі туралы айтылып, жүрекжарды тілектер арнады. Ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, өмірден өткен әріптестерін еске алды.

Біліктілікті арттыру саласының дамуына ұзақ жылдар бойы үлес қосқан ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, мазмұнды дөңгелек үстел өтті.

Бұл тағылымды кездесудің мәні зор – ол ардагер ұстаздарға құрмет қана емес, сонымен бірге жас буынға өнеге, парасат пен мейірімнің мерекесі болды.

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар