Арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері: халықаралық диалог

Бүгін Самара педагогикалық мемлекеттік университетімен халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында Оралдағы «Өрлеу» филиалы директорының орынбасары К. И. Байкатова  «XXІ ғасырдағы арнайы және инклюзивті білім берудің проблемалық өрісі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға қатысты. Конференция жұмысына Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (Минск), Түзету педагогикасы институты ((Мәскеу), Ичунь университеті (ҚХР) қызметкерлері қатысты.

     Конференцияны Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің ректоры, мәдениеттану кандидаты С. Ю. Бакулина, аталған оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры, и.ғ.д. профессор С. О. Буранок және Психология және арнайы білім беру факультеті деканының м. а., психология ғылымдарының кандидаты Л. Ю. Панарина алғысөзбен ашты.

   Пленарлық отырыста К. Байкатова «Инклюзивті білім беру саласындағы педагогтердің біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдері: мәселелері мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, инклюзивті білім берудің маңызы мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарына тоқталды.  Баяндамада инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері, оның халықаралық және ұлттық нормативтік құқықтық негіздері қарастырылып, педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларына назар аударылды. 

    Конференцияға қатысушылар бірнеше маңызды тақырыптар бойынша баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен бірге конференцияға қатысушылар «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың басым бағыттары және оларды мемлекеттік саясат контекстінде жүзеге асыру», «Арнайы білім беру мұғалімін арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс істеуге дайындау: біліктілікті арттыру технологиялары», «Қолжетімділік жағдайларын арттыру арқылы орта кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру кеңістігін дамыту», «Самара облысында ерте көмек жүйесін дамыту: тәжірибе, проблемалар» және  т.б. тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

    Баяндамашылар инклюзивті білім беруді дамытудағы мемлекеттік саясаттың рөлі, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған заманауи тәсілдер мен бағдарламалар, орта кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту үшін қолжетімділік жағдайларын жақсарту мәселелерін көтерді.

    Негізгі баяндамашылармен бірге педагогика саласының ғалымдары, конференцияға қатысушы сала мамандары құнды пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар берді. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты жаңа идеялар мен ұсыныстарды белсенді түрде ортаға салды, бұл саладағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар