АСТАНАДА «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сәуір айынан бастау алған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» байқауының аймақтық кезеңі аяқталғаны баршаңызға мәлім. Қараша айында облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 4 жеке және 3 авторлық топтың конкурстық жұмыстары республикаға жолданды.

Ал 19 желтоқсан күні конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Астана қаласында салтанатты марапаттау іс-шарасына еліміздің түпкір-түпкірінен қатысушы ұстаздар, Өрлеу филиалдарының директорлары мен педагогикалық қауымдастық жиналды.

Павлодар облысының атынан республикалық кезеңде «Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болған Павлодар ауданы Черноярка орта мектебінің математика мен информатика пәні мұғалімі Марина Кошкарбаева мен ағылшын тілі мұғалімі Светлана Токарь, «Медиа-ақпараттық сауаттылық» бағытында І орынға ие болған Павлодар қаласы А. Байтұрсынов атындағы Инновациялық үлгідегі орта мектебінің информатика пәні мұғалімдері Антон Смурыгин қатысты.

Жеңімпаздарды Орта білім беру комитетінің төрағасы К. Жұмашев, «Өрлеу» БАҰО басқарма төрағасы Е. Айбульдинов марапаттады.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орын үшін 150 000 теңге, 2 орын үшін 100 000 теңге және 3 орын үшін 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар