Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, British Council Kazakhstan, ЮНЕСКО, STEM Solutions өкілдері қатысты.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша жеңімпаз болған 47 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-та ең көп қаралған бейнемазмұндардың авторлары да арнайы марапат алды.
Енді жеңімпаздар ТМД елдерінің педагогикалық шеберлік фестиваліне қатысып, өз тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Ең маңыздысы – байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау барысында ескеріледі.

