«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Central Asia елдерінде ағылшын тілін оқытуды жеделдетуге бағытталған AELLCA (Accelerating English Language Learning in Central Asia) жобасы бойынша мастер-тренерлерді 5 күндік оқыту курсы өз жұмысын бастады.
Осы маңызды бағдарламаға «Өрлеу» Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты Оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы – Нурмуханова Бибигүл Сәрсенқызы қатысуда.
AELLCA бағдарламасы British Council Kazakhstan және Ұлыбританияның Norwich Institute for Language Education (NILE) ұйымымен бірлесе әзірленген. Үздік іріктеу нәтижесінде өңірлерден 20 маман таңдалып, көп кезеңді оқытудан өтуде. Курс қорытындысында тыңдаушылар 2026 жылдың наурызында British Council сертификатын алатын болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік, нәтижелі оқу, жаңа идеялар мен шабыт тілейміз! Жаңа дағдылар кәсіби жолдарыңызға серпін берсін!

