Аттестаттаудың жаңа ережесі түсіндірілуде

       Шебер ұстаз  – табысты оқушы.  Білім беру саласындағы маңызды өзгеріс – педагогтерді  аттестаттаудың жаңа Ережесін жүзеге асырудың мүмкіндіктері кеңінен талқылануда.

      Осыған орай Оралдағы «Өрлеу» филиалында 29 ақпан мен 6 наурыз күндері Аттестаттау қағидаларына енген өзгерістерді түсіндіру  мақсатында онлайн және офлайн форматында  12 кездесу ұйымдастырылды.

    Бүгін 6 наурыз күні Сырым, Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе аудандарының және облыстық, қалалық ЖОББМ-тің педагогтеріне арналған отырыс өтті.

 Отырысты Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Орал “Өрлеу” филиалының директоры Софья Измуханбетова жүргізіп, ережедегі бірқатар жаңашылдықтармен таныстырды.

   Атап айтсақ:

     Педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалысқа шықса немеесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолдану мерзімі 2 жылға дейін (бұрын 1 жыл) ұзартылады;

   Педагог портфолиясы электрондық форматта ұсынылады;

   Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.

   Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.

Біліктілік санатын растау кезінде «Педагог-шебер» немесе 30 және одн да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді;

      Осы және басқа да басты қағидалар түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толықтай ақпарат берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар