Мұғалім – бұл кәсіби шеберлікті арттыру үшін үнемі жұмыс жасауды қажет ететін мамандық. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, білім сапасын жақсартуға және мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
5 наурыз күні Облыстық білім беру басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Оралдағы “Өрлеу” филиалы базасында Аттестацияның жаңа ережелерін түсіндіру мақсатында Теректі, Бөкейорда, Шыңғырлау, Бөрлі, Казталов, Тасқала, Бәйтерек аудандарының педагогтеріне онлайн басқосу болды. Отырысты Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Орал “Өрлеу” филиалының директоры Софья Измуханбетова жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында төмендегі басты аспектілер бойынша ақпарат берілді:
Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады (2-т, 9-т)
Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі (4-т, 79-т)
Педагогтер жетістіктерінің тізбесіне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жұмыстар енгізілген
Екінші, бірінші, жоғары санаттағы 40 000 астам педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына ауысады
ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де тапсырады.
Бүгінгі отырысқа 335 педагог қатысып, Аттестациядағы жаңа ережелер туралы толық ақпарат алды.

