2023 жылдың мамыр айында Атырау облыстық Білім басқармасы Құрманғазы аудандық білім бөліміне қарасты “М. Әуезов атындағы орта мектеп” КММ- де Құрманғазы ауданының педагог мамандарына “Білім беру сапасын басқаруда корпаративтік ортаны дамытудың замануи тенденциялары” атты семинар кездесу өтті.
Семинарда орталығымыздың тәжірибелі маманы Тажиева Гүлмира Қапанқызы корпоративті ортаны қалай құру керек, қандай жұмыстар ұйымдастыруға болады, қандай нәтижеге жетуге болады және жұмыстың нәтижесін қалай анықтайды деген сынды сұрақтар турасында ой өрбітті.
Семинарға Құрманғазы ауданынының 81 педагог маманы қатысып, білімін жетілдірді.
