Атырау облысы бойынша 46 мақсатты мектептің жетекшілеріне арналған 3 күндік семинар жұмысы басталды

«МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА»

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде бекітілген «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы шеңберінде Атырау облысы бойынша 46 мақсатты мектептің жетекшілеріне арналған 3 күндік семинар жұмысы басталды.
25-27 қыркүйек күндеріне жоспарланған семинар жұмысына 106 мектеп жетекшілері мен әдіскерлер қатысуда.

🔹ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлының тікелей қосылымдағы алғы сөзімен барлық облыста семинар жұмыстары басталды. Жиынды жалғастырған «Өрлеу-Атырау» филиалы директоры Даулетова Роза Қабышқызы жоба аясында атқарылған жұмыстар және негізгі көрсеткіштермен таныстырды. Ашылу салтанатын қорытындылаған Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Әбуов Марат Әлменұлы бұл семинардың маңыздылығына тоқталып, күтілетін нәтижелер турасында сөз қозғады.

🔹«Мектепте білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбындағы семинардың ұйымдастырушылары Атырау облыстық Білім басқармасы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, Облыстық әдістемелік орталық, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «А.Байтұрсынұлы» атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы 3 күн бағдарламаға сәйкес сессия жұмыстарын өткізеді.

Бүгін бірінші сессия жұмысын – «Мектептің даму стратегиялары» тақырыбында «Өрлеу-Атырау» филиалының аға оқытушылары Тажиева Г.К., Жумагалиева А.Ж. және әдіскер Сагандыкова А.М. өткізді.

🔹25 қыркүйек күнгі мектептің даму стратегиялары тақырыбы негізге алынған семинардың екінші бөлімі тәжірибелік сессия түрінде өтті.
Семинар барысында қарастырылған негізгі мәселер:
– Жоба аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру;
– Облыстағы үздік білім беру ұйымдарының басшыларының табысты нәтижелерімен алмасу;
Өздерінің нәтижелі кейстарымен бөліскен 4 спикер:
Жолдасова Зауре Базыловна – Атырау облыстық “Зияткер” мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры
Өтеуғали Ләззат Қайыржанқызы – ЖББ «№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» директоры
Ибраева Алия Курмангалиевна – ЖББ «№98 У. Атамбаев атындағы орта мектеп» директоры
Гапуова Бибигуль Бахтигалиевна – ЖББ «№43 орта мектеп» директоры

Үздік білім беру ұйымдарының басшылары өздерінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, әріптестермен түрлі кейстар, ситуациялық сұрақтар талдап, топтық жұмыстар жүргізді. ✅
Өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, қолдау көрсеткен барлық спикерлерге алғыс білдіреміз!

Атап өтейік, «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы шеңберіндегі мектеп жетекшілеріне арналған 3 күндік семинардың мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар