Ағымдағы жылдың 13.05-24.05.2024 мамыр аралығында Оралдағы «Өрлеудің» аға оқытушылары Казталов, Сырым аудандарында “Мектепке дейінгі ұйымның заттық- кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру”, «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті», «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я2», «Білім берудегі менеджмент» тақырыптарында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.
Курс аясында тыңдаушылар пәндер бойынша функционалдық сауаттылығын, танымдық дағдыларын дамыту мақсатында оқу сабақтарын жоспарлап, нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыстың тиімділігін түсініп, талдайды.
Курс барысында тыңдаушыларға жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырмалар беріледі. Сондай-ақ педагогтер әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, үйренгендерін тәжірибеде қолдануға ниеттерін білдірді.






