Ауданда семинар-практикум өтті

29 ақпан – 1 наурыз күндері Оралдағы «Өрлеу» тренері Динара Жумағалиева курстан кейінгі қолдау аясында Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-де болып, «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы: болашаққа қадам» тақырыбындағы семинар-практикумға қатысты.

     Бастауыш сынып оқу пәндері үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсету, сабақта инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін қарастыру мақсатында өткен семинарда бастауыш сынып мұғалімдері түрлі тақырыпта ашық сабақтар ұйымдастырып, іс-тәжірибе алаңын ұйымдастырды.

      Орал «Өрлеу» тренері Д. Жумағалиева “ББЖМ: оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын арттыру бойынша ұсыныстар” тақырыбында шеберлік сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Осы орайда «Өрлеу» ұжымы атынан Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері мен мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар