10 мамыр күні «Өрлеу» -Орал Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы Теректі ауданы Федоровка №1 ЖОББМ базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында жылжымалы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсына жетекшілік етуде.
Біліктілік арттыру курсы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің пәндік және кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-9-сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтеріне арналған.
Курс нәтижесінде мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдана біледі, сөйлеу әрекетінің түрлері және тілдік құзыреттіліктері (ЛГМ) бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқыту ресурстары мен әдіс-тәсілдері іріктей алады, өзге тілді аудиторияда көркем шығармаларды оқытудың шарттарын негізге алып, мәтінді бейімдеу және талдау жұмыстарын жүргізе алады. Сондай-ақ білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, CEFR бойынша деңгейлік тапсырмалар әзірлей алады және сөйлеу әрекеттері бойынша күтілетін нәтижені бағалау үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындай алады, Lesson Study технологиясы арқылы сабақ жоспарының тиімділігіне баға беріп, жетілдіру жолдарына рефлексия жасай алады.



