Аудан ұстаздары «Педагог» 4.0 кәсіби стандартымен танысуда

2022 жылғы қазанның 18-ші жұлдызында Павлодар филиалының оқытушылары Ө. Ертісхан және Б. Жаукенова Павлодар облысының Тереңкөл және Ертіс аудандарының ұстаздармен «Педагог» кәсіби стандартын талқылады.  Іс-шара көшпелі курс барысында жүзеге асырылды. Жалпы талқылауға 50 мұғалім қатысып, өзекті сұрақтар қойылып, өз ұсыныстарын жасады.

Кәсіби стандарт ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді. Өрлеу стандартты негізді және іс-әрекеттік түсіну үшін педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ақпараттандыру нәтижесінде білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіби даму мазмұны әзірленіп, жаңартылатын болады. Бүгінгі таңда Өрлеу-Павлодар оқытушыларымен төртжүзден астам мұғалім ақпараттандырылды. Аталмыш кәсіби стандарт ұстаздар қауымымен мұғалімнің кәсіби жолындағы даму траекториясы ретінде қабылдануда

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар