«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында әдістемелік десанттан өтті

 А. Хименко атындағы Қиялы о. М. Аққайың ауданы базасында «Өрлеу»- СҚО @cmrito.sko бірлесіп ұйымдастырған директорлардың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында әдістемелік десанттан өтті.
Іс-шараның мақсаты ауыл мектептеріне консультациялық көмек көрсету, педагогтарды кәсіби қолдау болып табылады.
Басты басымдық:
Мұғалімнің тәжірибесіндегі Lesson Study (спикер Лейла Альмагамбетова).
Директорлардың оқу жөніндегі орынбасарлары үшін білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, мазмұны және технологиялары (спикер Альмурат Бектемиров).
Мектепке дейінгі ұйымның шағын орталығында пәндік-кеңістіктік ортаны дамыту (спикер Наталья Подкоморовская).
Лейла Альмагамбетованың мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы және оларды «Bolashaq» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстыру бойынша кездесуі ерекше болды.

Рефлексия жүргізе отырып, Аққайың білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Зәуреш Алпысова мұндай десанттарды өткізудің маңыздылығын, оның тәжірибеге бағдарлануын, педагогтардың қиындықтарын нақты шешуге және жедел әдістемелік қолдауға бағытталғанын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар