Наурыздың 15-і педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын әдістемелік қолдау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Өрлеу-Павлодар оқытушылары мен әдіскерлері Павлодар ауданының Чернояр мектебіне барды. Семинардың мазмұны мұғалімдерге заманауи және тиімді сабақты жоспарлау бойынша нәтижелі әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған. Сындарлы диалог барысында мектеп директоры Маргарита Айдаболова Өрлеу-Павлодар мен Павлодар облысының ауылдық мектептері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін, ал болашақта білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті.

- 17 Мар
- 2023