«Ауыл мектебі-ел бесігі» облыстық байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын орай  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Ауыл мектебі-ел бесігі» тақырыбында облыстық (онлайн) байқауын өткізуде.  Байқау облыстың  білім  беру ұйымдары педагогтерін қолдау, үздік педагогтерді анықтау, ауыл мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру, шығармашыл мұғалімді анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.                                                                                                                                          Үш кезеңді қамтыған облыстық “Ауыл мектебі-ел бесігі” байқау қоржынына түскен материалдарын  талдау  үшін сараптау алқасы құрылды. Алқа құрамына  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессор-оқытушы құрамы, Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемілік орталығының  мамандары, мектеп басшылары мен  шығармашыл педагогтер және  «Атырау»  облыстық қоғамдық саяси-қоғамдық газетінің тілшісі  шақырылды.

Сіздерге «Ауыл мектебі-ел бесігі» тақырыбындағы облыстық (онлайн) байқауының сараптау  алқасының  жұмыс сәтін назарларыңызға ұсынамыз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар