Ауыл мектебі жағдайында педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау

2022 жылдың 29 қазан күні Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты кафедра әдіскері, магистр Л.Ермекбаеваның ұйымдастыруымен Хромтау ауданы, Тасөткел ОМ «Ауыл мектебі жағдайында педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Басты өзектілігі: ауыл мектебі педагогтерінің кәсіби қалыптасуы жағдайында инновациялық тәжірибелермен алмасу, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік десант аясында Хромтау аудандық ББ әдістемелік кабинет меңгерушісі Барикова Г.С. алғы сөзбен ашты және аталған мектептің педагогтері – Бақтиярова А.Е./ «Белсенді әдіс-тәсілдерді сабақ үрдісінде тиімді қолдану», Сисенгалиева К.Б./«4К моделі – педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында», Бирмаганбетова А.А./«Оқу үрдісінде көп функционалдық қосымшаларды қолданудың тиімділігі», Абдуллина А.К./«Биология сабақтарында зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыптарында тәжірибе алмасып, коучинг өткізді. Қатысушылармен рефлексия жүргізіліп, кері байланыс орнатылды.
Әдістемелік десантқа қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар