«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы қорытындыланды

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шалғай ауылдарындағы білім ордаларының педагогтерімен кездесу өткізді. Кездесуде  қатысушылар «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын қорытындылап, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

    Шараға  қатысушы ұстаздар өздерінің ұстаздық қызметтегі жетістіктерімен бөлісіп, мемлекет басшысының бастамасымен  жүзеге асып  жатқан жобалардың  ауыл мектептеріндегі білім сапасын жақсартуға зор ықпал еткенін баяндады.

         Министрлік 2023 жылдан бастап ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру, ауылдық мектептерде кадрлық әлеуетті дамыту, педагогтердің біліктілігін көтеру және оқу сапасын жақсарту  мақсатында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын  іске қосқан болатын. Бір жыл ішінде аталмыш жоба аясында ауқымды істер жүзеге асып, ауыл мектептерінің оқу кабинеттері мен ресурстары жаңартылып, заманауи технологиялар енгізілуде.

Еліміздегі ауыл мектептерінде жас мұғалімдер саны да жыл санап артып келеді. Ағымдағы  жылы 8 мыңнан астам жас мұғалім жұмысқа қабылданды, бұл педагог мамандығына қызығушылықтың жоғарылағанын көрсетеді. Ауыл мектептерінде интернет сапасының жақсаруы мен жаңа технологиялардың енгізілуі мұғалімдердің креативті әдістерді қолдануына мүмкіндік беруде. Бүгінгі кездесуде ауыл мектептерінде қызмет етіп жүрген жас мұғалімдер де болды. Жас ұстаздар өз тәжірибелерінде жаңа  идеяларды жүзеге асыруына ауыл мектептеріндегі интернет сапасының жақсаруы ықпал еткенін баяндады

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар