Алғашқы оқу жылын сәтті аяқтауға қадам басқан Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы №7 орта мектептің педагогикалық ұжымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің құрметті спикерлері – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Латипа Қожамжарова, №7 «Жайлы мектептің» басшысы Гүлмира Есентаева болды.
Кездесу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру, педагогтің кәсіби дамуы мен мектеп ішіндегі қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, Жайлы мектеп форматындағы алғашқы жылдағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.
Инновациялық тәсілдер, командалық қолдау мен оқушыға бағытталған орта — бұл жаңа мектептің басты құндылықтары.
Кездесу барысында педагогикалық қауымдастықтың белсенділігі мен үздіксіз дамуға деген ұмтылысы ерекше байқалды.
«Жайлы мектеп» — бұл тек заманауи ғимарат қана емес, бұл — жайлы орта, сапалы білім мен сенімді болашаққа бастар жол!