«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт жанашыры»  атты оқырмандар конференциясы Таразда өтеді

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні сағат 12-00-де Шерхан Мұртаза  атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында жазушы, реформатор, ірі саяси қайраткер, Алаш партиясының жетекшісі А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты оқырмандар конференциясын өткізеді. Конференция жұмысына білім беру ұйымдарының өкілдері мен мектеп оқушылары, қалалық кітапханалардың қызметкерлері, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатысады. Қатысушылар А.Байтұрсынұлының шығармаларына жан-жақты талдау жасайды. Реформатор шығармашылығын белсенді талқылау жазушының ой-толғамдарын сезінуге, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Конференцияға қатысушылар назарына буктрейлер, кітап көрмесі – инсталляция, жазушы шығармалары бойынша театрландырылған үзінділер ұсынылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар