Ашық есік күні өтті

Бүгін 26 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында педагогикалық мамандықтарды тәмамдағалы отырған студенттерге арналған «Ашық есік» күні өтті. 

Шараның мақсаты жас мамандарды педагогтердің біліктілігін арттыру институтының қызметі, мақсат-міндеттерімен таныстыру, ұжымдық ортаға бейімдеу болды.

  Басқосуды институт директоры Софья Измуханбетова алғы сөзбен ашып, біліктілікті арттыру институтының қызметіне тоқталды.

Бұдан әрі қызметкерлер институттың оқу-әдістемелік үдерісімен таныстырып өтті. 

Шара барысында ақын-журналист Ақмаржан Таубаева, ардагер-ұстаз Өтебай Құспановтың атындағы кабинеттер мен институт кітапханасы, педагогикалық музейі таныстырылды.

Болашақ мамандар біліктілік арттыру курстарына қатысып,   өздеріне қажетті ақпараттарды ойларына түйді.

Қорытындысында кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар