Ашық сабақ

06.06.2023 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Жорабекова ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды табу және оларды қолдану». Сабақтың мақсаты: Әрбір көркемдегіш құрал үшін мысалдарды таңдайды, айтады.Сабақ барысында «Фазл» әдісі қолданылды. Белсенді оқу ортасын құру үшін курс тыңдаушыларына «Сіз әдеби құралдардың қандай түрлерін білесіз?», «Егер мен оқушы болсам, мұның бәрін қалай қабылдайтын едім?» деген жетекші сұрақтар қойылып, жауаптары талқыланды. Тыңдаушылар қима қағаздағы жазылған сөздерді құрастыру арқылы көркемдеуіш құралдарды олардың ішіндегі Эпитет, салыстыру, кейіптеу, метафораларды тауып ережелерін құрастырды. Мұғалімдер қызықты және мазмұнды болды, олар өз пікірлерімен бөлісті және сабақтарын қызықты өткізудің жаңа тәсілдерін үйренді. Курс тыңдаушыларына сәттілік, бүгінгі сабақта алған білімдерін мектепте іс жүзінде қолдана білсін!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар