«Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Зульфия Турсынбаева республикалық деңгейде «Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сюжеттік ойындар (оның ішінде ЕББҚ бар балалар үшін)» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курс тыңдаушылармен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-білім беру үдерісінде сюжеттік ойынды қолдану дағдыларын игеру. Сабақ барысында курс тыңдаушылары мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелік-білім беру процесінде сюжеттік ойындарды қолдануды, сюжеттік ойынның құрылымы мен кезеңдерін айқындады. Мектепке дейінгі топтың пәндік, кеңістік дамыту ортасын және ойынды ұйымдастырудағы педагогтің рөлін қарастыруда әріптестеріміз күнделікті іс-тәжірибелеріне құнды дүние жинады.

- 09 Июн
- 2023