АҒА ВОЖАТЫЙДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ КӘСІБИ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН SOFT SKILLS

Soft skills («жұмсақ», «икемді» дағдылар) – жұмыс процесіне сәтті қатысуға, жоғары еңбек өнімділігіне жауап беретін және өтпелі, нақты пәндік салаға қатысы жоқ мамандандырылмаған, кәсіби емес дағдылардың кешені. Аға вожатыйдың жеке ресурсы – балалардың дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Аға вожатый кәсіби стандартты толығымен орындау үшін креативті, жауапты, көпшілік алдында сөйлей алатын, өз көзқарасын қорғай алатын жұмсақ дағдыларды игеруі керек. Жұмсақ дағдылардың 4 түрі:

1.Әлеуметтік құзыреттіліктер: коммуникативтілік, эмоционалды интеллект, икемділік және сын қабылдау, шешендік қабілеттер.

2.Көшбасшылық құзыреттіліктер: шешім қабылдау, команда құру, жанжалдарды шешу, жауапкершілік, тәлімгерлік.

3.Зияткерлік құзыреттіліктер: аналитикалық ойлау қабілеті, мәселені көре және шеше білу, үйрену қабілеті, креативтілік.

4.Ерікті құзыреттіліктер: нәтижеге бағдарлану, уақытты басқару, стреске қарсы тұру, күнделікті жұмысқа дайындық.

Аға вожатыйдың жеке даму картасы: командада жұмыс істей білу, технологияның жұмысқа әсерін түсіну, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті және өз пікірін білдіруден қорықпау, өз-өзін басқара білу.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар