Аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту

2023 жылдың 14 және 25 тамызы аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

Курстың тренері Джарылгамысова Гаухар тыңдаушылардың қызметін ұйымдастыруда қажетті нормативтік-құқықтық құжаттармен және аға тәлімгердің тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктерін, жоспарлауға арналған тәрбие жұмысының нысандары мен әдістері бойынша білімдерін жетілдірді. Тәрбие қызметін мобильді түрде ұйымдастыруда аға тәлімгерге қажетті интернет платформаларын, Smart-құрылғы қосымшаларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, цифрлық білім ресурстарды кіріктіріп қолдануды тыңдаушыларға үйретті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар