«Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар» педагогтердің біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар» педагогтердің біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс кураторы Иманбай Венера Оралқызы.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы білім беру процесіне инновациялық әдістер мен тәсілдерді енгізуге арналған. Курс ағылшын тілін тиімдірек оқытуға ықпал ететін заманауи технологияларды, интерактивті әдістемелерді және озық педагогикалық тәжірибелерді қамтиды.

Оқытудың жаңа стратегиялары мен әдістерін зерделеу және пайдалану мұғалімнің тиімді кәсіби дамуын қамтамасыз етеді, оқушыларды әртүрлі іс-әрекеттермен баурап алуға және белсенді оқу ортасын құруға мүмкіндік береді, осылайша оқушылардың мотивациясын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, басқа пәндермен интеграцияда тілді оқыту, білім беру процесін цифрландыру, оқушы мен мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін нақты шешуге ықпал етеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар