Құрметті ұстаздар! ҚР педагогтарының тамыз конференциясы аясында ұйымдастырылған “Өрлеу “БАҰО” АҚ панельдік секциясына “Ағылшын тілін оқытудың тиімді стратегиялары: bring spring into your class” тақырыбына қатысуға шақырамыз.
Секция модераторлары ҚР ПМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің кадр мәселелері басқармасының басшысы А.Т. Дюсембаева (онлайн), “Өрлеу “БАҰО” АҚ білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі сүйемелдеу департаментінің өкілдері Н.Ж. Сүлейменова, К. К. Тлеужанов (офлайн) болып табылады.
Панельдік секцияның бағдарламасына сәйкес пленарлық сессия өткізіледі, оған басқарма төрағасы – Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры қатысады.Және ағылшын тілін оқытудың тиімді стратегияларын талқылау мақсатында стендтік презентациялар, тақырыптық воркшоптар түрінде Ақтөбе қаласы мектептерінің практик-мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін тарату.
Іс-шараның Онлайн көрсетілімі “Өрлеу” Facebook, Instagram және YouTube парақшаларында қолжетімді болады.
Өтетін күні: 16 тамыз 2022 ж.
Жұмыс уақыты: 14: 00-16: 45 сағ. (жергілікті уақыт)
Конференция идентификаторы: 831 9870 7287
Кіру коды: 123456

- 11 Авг
- 2022