Бүгін «Ағылшын тілі мұғалімдерінің халықаралық форумы: «Тұрақты педагог: заманауи әдістеменің цифрландырылуы және ағылшын тілін оқытудағы үздіксіз даму» тақырыбында форум өтті.

Форум түрлі елдерден келген педагогтерді, сарапшылар мен практиктерді біріктіріп, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Форум модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының аға оқытушысы Әсел Жақсылықова болды.
Пленарлық отырыс барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ оқыту мен мұғалімдерді дамытудағы жаңа тәсілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Спикерлер қатарында:
Лейла Альмагамбетова, қауымдастырылған профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры;
Аида Мейркулова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
Валентина Черных, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ білім мазмұны мен сапасы бөлімінің басшысы;
Элизабет Алибаева Девис, Орталық Азиядағы Американдық университеттің Master of Arts in Teaching (MAT) бағдарламасының директоры және ассистент-профессоры;
Исмаил Оркун Атасой, PhD, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ «Шетел тілдері» кафедрасының ассистент-профессоры;
Махамба Себастьян Ихонде, ассистент-оқытушы, Africa ELTA президенті, лингвистика магистрі, TUMI теологиялық колледжі (Мванза қ., Танзания);
Сильванус Амоло Опот, «Петропавл қ. ХБН НЗМ» химия пәнінің мұғалімі.
Форум қатысушылары 5 секция аясында нақты білім беру шешімдерімен жұмыс істеп, тәжірибеге енгізуге дайын нақты өнімдерін ұсынды.
Форумға ерекше көрік берген көрмелерді төмендегі ұйымдар ұсынды:
КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп»;
КММ «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей»;
КММ «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицей»;
МҚКК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы;
American Corner & Makerspace Petropavlovsk.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар