Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы аяқталды

2023 жылдың 14 және 25 тамызы аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

Курстың тренері Ишангалиева Айгүл тыңдаушыларды оқытудағы жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді үйретіп, күрделі тақырыптар бойынша білімдерін жетілдірді. Тыңдаушылар жобаға негізделіген оқыту, видео үзінділерді қолдана отырып, тапсырмалары орнатылған видеоларды өңдеу білуді және проблемалық оқыту негіздерін қолдануды меңгерді.

Біліктілікті арттыру курсының бір сабағы эссе жазуға арналған. Курс тыңдаушыларына эссе жазудың қыр сырын толық меңгеру мақсатында Қазақстандағы ДеМонфорт Британия университетінің  IELTS және бизнес ағылшын тілі маманы Курманалиева Диана тыңдаушыларды эссе жазу кезеңдерімен таныстырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар