Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін жетілдіру

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында 2023 жылдың 14 және 25 тамызы аралығында орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне  арналған «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Курс кураторы тәжірибелі тренер Сайлыбаева Айгуль.

Курс оқытушылардың интерактивті түрде және ынтымақтастықта жұмыс істеуді қамтиды. Тыңдаушылардың пәндік құзыреттілігін жетілдіру мақсатында мұғалімдер лексико-грамматикалық дағдыларын дамыту, сонымен қатар күрделі тақырыптарды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану және тиімді оқытуды меңгеріп жатыр. Оқылым, емле, тындалым, сөйлеу тәрізді маңызды тілдік дағдыларды дамыту жолдары бойынша кәсіби дағдыларын жандандыру жұмысы өтуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар