Ақиқаттан аттамаған қаламгер

Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай 2024 жылы 19 сәуірде Түркістан облысы, Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жббм базасында «Ақиқаттан аттамаған қаламгер» тақырыбында іс–шара өтті. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы қазақ прозасында ерекше орын алады, жазушының мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Жазушының жинағында балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгімелері, повестері мен романдары бар. Б.Соқпақбаев атындағы жббм директоры Е.Д.Ақбердиев «Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен» атты көрмемен таныстырып, іс-шараға қатысушыларды бүгінгі іс-шараның мақсатымен таныстырып өтті. Іс-шара барысында ардагер ұстаз Зүлей Әлия Ізтілеуқызы атындағы кабинеттің салтанатты ашылуы болып өтті. Ретроспективалық сұхбат түріндегі Б.Соқпақбаевпен сырласу кеші мен сценариі Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесінің желісімен түсірілген кинодан көрініс іс-шараға қатысушылар тарапынан ыстық ықыласқа бөленді. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ-ның» аға оқытушысы Бақтыгүл Темірханқызы Матекова

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар