Ақпан айында «Өрлеу» – СҚО филиалының оқытушылары еліміздің 100 жаттықтырушысына арналған «Жаттықтырушыларға арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» курсына қатысты .
Курстың спикері – білім беру өлшемдері мен психологиялық тестілеу саласындағы халықаралық сарапшы, PhD докторы Арнольд Дж. Брауэр болды .
Курс аясында қатысушылар:
құзыреттілікке негізделген бағалау жүйесін құрудың қағидаттарын зерделеді
;
оқытудың өлшенетін мақсаттарын тұжырымдауды, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды құруды үйренді
;
мақсаттарды таксономиялар мен конструктивті сәйкестік қағидаларын қолдана отырып тест тапсырмаларына айналдыруды тәжірибеден өткізді
.
Мамыр айында қорытынды диагностика жүргізілді, ал бүгін оқуды сәтті аяқтаған қатысушылардың ресми тізімдері жарияланды .
Курсқа қатысқан «Өрлеу» – СҚО филиалының барлық оқытушылары рефлексивтік есептер мен қорытынды тестілеуден сәтті өтіп, бағдарламаны меңгергендерін растады . Ең жоғары нәтиже көрсеткен оқытушылар Астанада өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылды
.
«Өрлеу» – СҚО атынан best of the best санатына кафедраның аға оқытушысы, жаратылыстану-математика бағытының маманы Алимa Кабденова кірді .
Әріптестерімізді жоғары нәтижемен құттықтаймыз және кәсіби дамуға деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз! Национальный центр повышения квалификации “Өрлеу”