Біздің филалда кітапханашы Сеитказиева З.С. Шымкент қаласы, М.Мәметова атындағы № 35 ЖОББМ математика пәні мұғалімі А.К. Садирова мен шәкірті 9 «Б» сыныбының оқушысы М.Б.Серікке ғылыми жұмыстарды жазу барысында әдебиеттер/ электрондық ресурстарды іздестіру, іріктеу және сілтемелер мен библиографиялық тізімді рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
📖«Google Академия» бойынша ғылыми мақалаларды іздестіру жолдары: тақырып, автор, шыққан жері мен уақыты бойынша іздестіру; ұқсас мақалаларды табу; мақаланы кітапханаға сақтау; ГОСТ форматындағы сипаттама, сонымен қатар ақпаратты этикалық тұрғыда пайдалану жолдары, яғни дереккөзге сілтеме жасау, дәйексөзді дұрыс келтіру ережелері туралы кеңес берді.
Ғылыми жоба тақырыбына сәйкес «Пирамида және оның құпиялары» бойынша қорда бар әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды.

- 22 Май
- 2024