Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Облыстық білім басқармасы, Ақтөбе облысы бойынша “Өрлеу ” филиалы және облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы арасындағы төрт жақты Меморандумды дамыту және іске асыру мақсатында Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектеп директорлары мен оқу ісінің орынбасарларының қатысуымен «Ақтөбе қаласы бойынша білім саласының өзекті мәселелері» №56 орта мектеп базасында семинар-кеңес өтті.
Аталмыш шара екі бағытты қамтыды. Күннің бірінші жартысында Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева «Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру ұйымдарында өткізілген жүргізілген мониторинг және мемлекеттік бақылау шаралары барысында анықталған мәселелер» тақырыбында, Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айбат Жанабергенов «Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қатысты бақылау шараларының нәтижелері» тақырыбында, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің бас маманы Нургуль Утешова «2022 жылдың қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында тексеріс барысында анықталған санитраиялық бұзушылықтар туралы», Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Дина Орнова «2022 жылы өткен Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіндегі Ақтөбе қаласы мектептерінің нәтижелері туралы» баяндама жасады.
«Білім беру ұйымдары басшыларының қызметіндегі тайм-менеджмент және эмоционалды интеллект» тақырыбында «Өрлеу» кәсіби даму институтының Ақтөбе филиалының кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Елизавета Давлеткалиева және аға оқытушы, т.ғ.м. Ақмарал Истлеуова тренинг өткізді. Өзара пікір алмасуға бағытталған маңызды іс-шара болды

















