Ақтөбе облысы педагогтарының назарында: PISA халықаралық бағдарламасы

2022 жылдың 11  қаңтар күні  «Өрлеу»- Ақтөбеде  институттың профессорлық-оқытушылары  құрамының Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне  әдістемелік қолдау көрсету мақсатында  «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында cеминарлар сериясы бастау алды.

          Алғашқы семинарға Әйтеке би ауданының 160-қа жуық педагогі қатысты. Бүгінгі семинар  «Зерттеу тапсырмалары құрудағы қиындықтар, оны  шешу жолдары қандай?  Тапсырмаларды Блум таксономиясы негізінде құру алгоритмдері?» т.б. деген сияқты маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік берді. Семинар  аясында тренерлер мен мұғалімдер бірлесе отырып, оқу үдерісінде мұғалімнің тәжірибесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың  тәсілдері мен ерекшеліктерін  саралады.

          Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

          Осы бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес облыстың өзге аудандарында да  жалғасын табады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар