2022 жылдың 17 қаңтар күні «Өрлеу»- Ақтөбеде Қобда, Темір ауданының педагогтеріне PISA халықаралық зерттеуі дайындығына қолдау көрсету мақсатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында құзыретті тұлғаны қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ана бірлігінің рөлі, бірлескен жұмыстың білім беру сапасына әсері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді стратегиялар қарастырылды. Оқушыларды дайындау кезінде туындайтын жаратылыстану-ғылыми, математика және оқу сауаттылығын дамыту бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Педагогтерге мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту аясында білім сапасын жетілдіру бағытындағы тиісті нұсқаулар берілді.
Семинар соңында қатысушылар сындарлы идеяларымен алмасып, қаралған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.