Бүгін Ақтөбе қаласының тамыз конференциясында патриотизм, білімге деген ұмтылыс, еңбексүйгіштік және т. б. талқыланды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы М.О. Косымбаева педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап , табыс тіледі және қатысушылардың назарын жетістіктерге , директорларды ротациялауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылының маңыздылығына, сондай-ақ жаңа оқу жылындағы жаңа енгізілімдерге аударды.
Дәстүрлі түрде оқушылардың ұстаздарына алғыс сөздер айтылды. Спикерлер жоспарлар, перспективалар мен ұсыныстарды айтты.
Қала педагогтеріне Білім Министрлігінің, облыстық білім басқармасының, Қаланың кәсіподақ жетекшісінің марапаттары табыс етілді.
“Ақтөбе-Өрлеу” ұжымы атынан қала педагогтеріне бірлескен жобаларды жүзеге асырғандары үшін Алғыс білдіреміз!




