Ақтөбе қ. №72 IT мектеп-лицейінде көшпелі практикалық сабақтар ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде “Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту” біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары үшін “Өрлеу” Ақтөбе филиалы Ақтөбе қаласындағы №72 IT мектеп-лицейінде көшпелі практикалық сабақтар ұйымдастырды.
Іс-шара аясында мұғалімдер: Прохорова Н.В., Жиенгазина А.О., Улыкпанова А. З., Мурунтаева А. Т., Даулыбаева А. А., Тәбил А. Ә., Мұстафин Б. Ж. қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың барлық арсеналын пайдаланды, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын сандық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін ашты.
Курс тыңдаушылары педагогикалық оң тәжірибені тіркеп, коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жұмыс істеудің тиімді әдістерін анықтады.
№ 72 IT мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымына ризашылығымызды білдіре отырып, кәсіби және шығармашылық табыс, өркендеу және қарқынды даму тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар