Аққулы ауданында көшпелі семинар ұйымдастырылды

Жаңа аптаның басталысымен Өрлеу-Павлодар оқытушыларымен қатарынан бірнеше облыстық семинар ұйымдастырылуда. Оның бірі ақпанның 7-ші жұлдызында Аққулы ауданының Потанин, Малыбай және Аққулы ауылдарының орта мектептерінде ұйымдастырылды. Модераторлары филиалдың педагогика және пәндік әдістер кафедрасының оқытушылары А. Ахметниязова мен Ө. Ертісхан болды. Семинар-практикум «Lesson Study зерттеулері – шағын жинақталған мектеп мұғалімінің тәжірибесін жетілдіру тәсілі» тақырыбында өтті. Іс-шараларға ауданның 22 мектебінің 80-ге жуық мұғалімі қатысты.

Ұстаздар функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту жоларымен, сабақты зерттеуді ұйымдастырып, жоспарлау әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ, Lesson Study-дің 6 кезеңін шағын топтарда талдап, үлкен топқа ортаға салды. Филиал тренерлері Lesson Study жүргізудегі ескеретін негізгі мәселелерге назар аудару керектігін нақтылап талдап, семинар қатысушыларын толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар