24 қаңтар күні Оралдағы «Өрлеу» филиалы Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Алина Абишева республикалық онлайн форматта семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында курс материалының 7-модулі «Елтану және саяси география негіздері» аясындағы «Елдердің экономикалық-географиялық жағдайы» тақырыбы жан-жақты талданды.
Мұғалімдерге тақырыпқа қатысты барлық қажетті ресурстар, оның ішінде бейнематериалдар және практикалық тапсырмалар ұсынылып, жұмыстану жолдары түсіндірілді. Әсіресе, ЛМС платформасында берілетін «Сөйлемдегі бос орынды толтырыңыз», «Сәйкестендіріңіз», «Шындық, жалған» сияқты интерактивті тапсырмаларды тиімді, дұрыс орындау үшін пайдалы кеңестер берілді.
Жалпы алғанда, бұл семинар география пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқу материалын терең түсінуге көмектеседі деп күтілуде.


