Байзақ ауданы педагогтерімен тәжірибе алмасу жалғасуда

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының оқытушылары Смаилова Зере мен Абилова Айгүл Байзақ ауданының педагогтерімен «Сабақты ұйымдастырудың теориялық және технологиялық негіздері» және «Орта білім беру жүйесінде инклюзивті процесті ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарында оқыту тренингтерін өткізді. Заманауи сабақты жоспарлаудың теориялық негіздерін талқылап, сабақты жоспарлаудың тиімді әдістерін талдады. Сондай-ақ,  педагогтер орта білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы жаңалықтармен танысып, мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларының  білім алуына ерекше жағдай жасау және  жалпы білім беретін мектепте психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарының іске асырылуын қарастырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар