Ағымдағы жылдың 08 қаңтарында мектеп басшылары, орынбасарлар мен әдіскерлер үшін «Орта білім беру мазмұнын жетілдіруде білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету құралдары» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды. Мақсаты – орта мектепте білім беру сапасын (ішкі және сыртқы) жүйелі деңгейде қамтамасыз етудің басты стратегиялық ұстанымдарын жүзеге асыру.Семинар жетекшісі, п.ғ.к., доцент Айгүл Каплиева, ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басымдылығы, білім беру сапасын бағалаудың ішкі және сыртқы басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында білім беру жетістіктерін мониторингтеу мен мемлекеттік жалпы білім беру стандарты (ББЖМ МЖБС) талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау және халықаралық зерттемелер (PISA, TIMSS, PIRLS) ерекшеліктерін жүзеге асыруда басшылыққа алудың жолдары туралы ақпаратпен таныстырды.
«Ақтөбе-Өрлеу» кәсіби даму институты әкімшілігі мектеп басшылары, мектеп директорларының орынбасарлары мен әдіскерлер үшін семинардың өтуіне қолдау көрсеткен Байғанин ауданы мектептерінің ұжымына, аудандық әдістемелік кабинетіне алғыс білдіреді.

- 08 Янв
- 2024