2022 жылғы 22 желтоқсан күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Республикалық “Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауының марапаттау рәсімін өткізді. Марапаттау рәсімі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті.
Салтанатты шараға ҚР Оқу ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Асель Мухаметжанова қатысты.
Дәстүрлі түрде өтетін «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде 22 аталым бойынша облысымыздан 465 педагог қатысып, соның ішінде 123 педагогтің жұмысы үздік деп танылды. Республикалық кезеңге жолдама алған 22 ұстаздың 4-еуі республикадан жүлделі бірінші, екінші орындарға ие болды.
«Орта білімдегі заманауи білім беру технологиялары» бағытында – «Химия мұғалімі» номинациясымен Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 ЖОББМ-тің химия пәні мұғалімі Имангалеева Жанар Мутиголлиевна – 1 орын иеленді.
«Техникалық және кәсіптік білімдегі заманауи білім беру технологиялары» бағытында «Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары» номинациясымен Орал қаласы, Жоғары аграрлық-техникалық колледж оқытушысы Куспакова Ажар Ерсаиновна – 1 орын иеленді.
«Орта білімдегі заманауи білім беру технологиялары» бағытында «Өзін-өзі тану мұғалімі, психолог-педагогтер, әлеуметтік педагогтер» номинациясымен Орал қаласы, №25 ЖОББМ-тің педагог-психологі Шукурдиярова Айнур Шайхоллаевна – ІІ орын иеленді.
«Жоғары білімдегі заманауи білім беру технологиялары» бағытында «Педагогикалық бағытта оқытуды жүргізетін ЖОО педагогикалық мамандықтарының профессорлық оқытушылар құрамы» номинациясымен Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы БҚУ қазақ философиясының аға оқытушысы Турганалиева Ганмиркун Ганмирхановна – ІІ орын иеленді.
Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында жүлделі орындарды иеленген педагогтерді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!







