Балабақшада ойын мен шығармашылықты дамыту шарттары

Өрлеу РКДИ мен Мәскеу қалалық педагогикалық университеті жанындағы Урбанистика және жаһандық білім беру ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық аясында №131 пилоттық балабақша мен “Березка” жеке балабақшасымен жұмыс басталды.

Урбанистика және жаһандық білім беру ғылыми-зерттеу институтының баланы дамыту зертханасы “Балабақшадағы ойын мен шығармашылықты дамыту шарттары” тақырыбында мәдениетаралық зерттеу жүргізіп, Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Кайдакова Виктория диагност ретінде білім алуға мүмкіндік алды.

Бұл зерттеу балабақшаның білім беру ортасын жетілдіру бойынша халықаралық сараптамалық баға мен ұсынымдар алуға мүмкіндік береді.  Қайта зерттеу 2024 жылдың көктемінде жүргізіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар