“Балалардың ойын әрекетін дамыту жолдары” тақырыбында семинар-тренинг өтті

2022 жылдың 30 қараша күні мектепке дейінгі ұйымның педагогтерімен «Балалардың ойын әрекетін дамыту жолдары» тақырыбында семинар-тренинг бағытында курстан кейінгі қолдау Ақтау қаласындағы №61 «Сұлтан» бөбекжайында ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг жаңашылдықпен жұмыс жасайтын педагогтердің тәжірибелерімен бөлісе отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жандандыру үшін ойын әрекетін ендіру мақсатында педагогтерге арналған ойын-тренинг «Калейдоскоп», «Тәжірибе алмасу-педагогтің кәсіби өсуінің басты кепілі», «Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі», «Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері», «Күзгі ағаш» тақырыптарында шеберлік сыныптары арқылы тәжірибелерімен бөлісіп шағын топтарда жұмыс жасады. Нәтижесінде ойын әрекетінің бірнеше түрлерін жүзеге асыру жолдары көрсетілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар